Шабақтар жаппай қырылып жатыр: Маңғыстауда экологтар дабыл қақты

Қазір дерек бойынша зерттеу жұмыстары жүріп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысындағы Баутино, Аташ елдімекені мен Көсе мүйісіндегі теңіз жағалауынан балық өлекселері табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жағалауда қырылып жатқандардың басым бөлігі - шабақтар. Оның арасында майшабақ пен кефаль да бар.

Өңірдегі экология департаментінің мамандары өлекселерді жинап, судан сынама алған. Қазір ол бойынша зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге мұндай шығынның тіркелуіне не себеп болғанын ешкім дөп басып айта алмай отыр.

Ал тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақов мәселені түбірінен зерттеп, тіршілігі теңізбен байланысты мекемелерді жаппай тексеру керек деп дабыл қағады.

«Бұл теңізде ластанудың бар екенін көрсетеді. Қазіргі таңда экологтар тексерген екен, бірақ ол тексергенімен теңіз үлкен, ол теңіздің қай жерінде ластану болғаны дәл сол жерден тексермесе, басқа жерден тексергені әрине ол дұрыс нәтиже бермейді. Яғни, ол барлық теңізге жайылып кетіп, таза болып көріну мүмкін. Сондықтан бұл жерде теңізде жұмыс жатқан барлық компанияларға қатаң түрде бақылау жұмыстары жүргізілуі керек», - деді эколог Әділбек Қозыбақов.

Оқи отырыңыз: ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры тағайындалды

Новости партнеров