Судья 2024 жылдың қазан айында пара алу және алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынған
Алматыдағы тергеу изоляторында Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында судья 2024 жылдың қазан айында пара алу және алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынғанын айтады.
Мәліметтерге сенсек, түскі астан кейін әкесі, яғни қоғамдық қорғаушысы онымен кездесуге келген. Судьяны кездесу бөлмесіне конвоймен алып бара жатқанда, оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Кезекші наряд алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерлерді шақырған. Алайда жеткен жедел жәрдем оның көз жұмғанын тіркеген. Алдын ала себеп – жүректің тоқтауы.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі тергеу изоляторында бір ер адамның кенеттен қайтыс болғанын растады. Алайда аты-жөнін атаған жоқ.
"Алдын ала өлім себебі жедел жүрек жеткіліксіздігі. Өлім фактісі бейнебақылау камерасына жазылып қалды. Қазір осы жағдайға байланысты тексеріс жүргізіліп жа тыр", – деп хабарлады ҚАЖК.
Оқи отырыңыз: Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты