Тергеу изоляторындағы қателік: Атырауда сотталушы мерзімінен бұрын босап шыққан

13.08.2025 18:17

Құжат рәсімдеу кезіндегі қатені басшылар да байқамаған

Аlmaty.tv

Атыраудағы тергеу изоляторының қызметкерлері мерзімі аяқталған адамның орнына басқа сотталушыны бостандыққа шығарып жіберген. Бұл жағдайды олар азаматтардың тегінің ұқсас болуымен байланыстырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Құжат рәсімдеу кезіндегі қатені тіпті басшылар да байқамапты. Дегенмен көп ұзамай департамент қызметкерлері шатастырып босатып жіберген адамды қайта қамауға алған.

«Қызметкердің қателігі салдарынан мерзімінен бұрын босату туралы құжат рәсімделген. Заңбұзушылық дер кезінде анықталып, сотталған адам қайтадан түзету мекемесіне жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізілуде. Кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылады», - деді ҚР ІІМ Қылмыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Рүстем Тұңғышбаев.

Оқи отырыңыз: Шымкенттегі Бадам өзеніне 15 жастағы жасөспірім батып кетті