"Тиімді бағадағы: елордада интернет-алаяқтық фактісі әшкереленді

Polisia.kz.
Polisia.kz.

Полиция азаматтарды интернет арқылы сауда жасау кезінде сақ болуды ескертеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті интернеттегі хабарландыру платформаларының бірінде соңғы үлгідегі қымбат смартфондарды "тиімді бағада" сататыны туралы жалған жарнама орналастырған.

Сатып алуға қызығушылық танытқан азаматтарға ол алдын ала төлем жасауды ұсынған. Нәтижесінде жәбірленушілер күдіктіге 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейін қаражат аударған. Алдын ала төлемді алғаннан кейін ол сатып алушыларды тауардың қалған құнын толық төлеуге үгіттеген. Алайда толық сома аударылған соң, өз міндеттемелерін орындамай, смартфондарды бермеген және қаражатты қайтармаған.

Қазіргі таңда 8 жәбірленуші анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның өзге де қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция азаматтарды интернет арқылы сауда жасау кезінде сақ болуға, бейтаныс тұлғаларға алдын ала төлем аудармауға және мәміленің заңдылығына көз жеткізуге шақырады.

Дереккөз: Polisia.kz 

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында әйел адамның мәйіті табылды

Новости партнеров