Тимур Сүлейменов бірыңғай банкаралық QR төлемдер жүйесінің іске қосылу мерзімін жариялады

Қазақстанда бірыңғай жүйе құру мәселесі алғаш рет 2024 жылы көтерілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

19 шілдеден бастап барлық банк бірыңғай QR-код жүйесіне қосылады. Мұндай ақпаратты Сенатта Ұлттық банк төрағасы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv 

Бұл жаңашылдық азаматтарға кез келген қаржы ұйымының мобильді қосымшасы арқылы ортақ QR-кодпен төлем жасауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейін, Қазақстанда бірыңғай жүйе құру мәселесі алғаш рет 2024 жылы көтеріліп, тұжырымдамасы таныстырылған еді. Бір жылдан кейін Ұлттық банк техникалық платформаның дайын екенін хабарлаған болатын. Сол уақытта бірқатар ұйым жүйеге қосылу туралы келісімге қол қойған.

«Биыл 19 шілдеден бастап QR төлемдердің бірыңғай банкаралық жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауы арқасында осы жылдың 1 мамырынан бастап экономиканың жаңа саласы – цифрлық активтер индустриясын іске қосудың құқықтық негізі қаланды. Заманауи, айқын және институционалды орта құрылды», – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Оқи отырыңыз: Президентке алғыс айтқан кәсіпкер: елімізде бизнес иелері үшін барлық жағдай жасалған