Тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына келген шетелдік делегация кардиология орталығына барды

Дәрігерлер қонақтарға жаңа қондырғыларды, жүрек ауруларын ерте анықтауға арналған технологияларды көрсетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына келген шетелдік делегацияларға мәдени-танымдық сапар ұйымдастырылды. Жарысқа жиналған бірқатар елдің өкілдері шаһардағы кардиология орталығына барып, заманауи медицина мекемесінің жұмыс процесімен жақын танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлер қонақтарға жаңа қондырғыларды, жүрек ауруларын ерте анықтауға арналған технологияларды көрсетті. Меймандар орталықтың медициналық мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының ілгері қадамдарына тәнті болды.

«Қонақ ретінде шақырған аурухана ұжымына шын жүректен алғыс білдіремін! Бұл сапар мен үшін пайдалы болды. Сіздердің технологиялық даму жолына ерекше көңіл бөліп отырғандарыңыз қуантады. Орталықтағы кардиология саласының түрлі бағыттарға бөлініп, мамандандырылған бөлімдермен жұмыс істеуі – өте маңызды аспект. Істеріңіз ілгерілей берсін!», – деді Румыния делегациясының басшысы Клаудия Балинт.

Айта кетейік, Алматы қалалық кардиологиялық орталығында бүгінде 585 жоғары білікті маман қызмет атқарады. Оның 120-ға жуығы кардиохирург.

2007 жылдан бері үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан мекемеде жыл сайын 550-ге жуық ашық кардиохирургиялық операция жасалады. Сондай-ақ орталық биыл ресми түрде жүрек трансплантациясын жүргізу бойынша уәкілетті медициналық ұйымдар тізіміне енді.

 «Орталық жедел түрде науқастарды қабылдайды. Алматыда жұмыс істейтін, қыдырып келген және туристік бағдарламасы бойынша келген науқастардың жедел түрде бізге келіп емделуге мүмкіншілік жасалғанын айтып өту керек. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай, Ресей мемлекеттерінен жиі науқастар келіп, осында жедел түрде ем ала алады», – деді қалалық кардиологиялық орталығының директоры Ермағамбет Қуатбаев.

Оқи отырыңыз: Ваучер неге тоқтап тұр: ақтаулық ата-аналар тегін спорт үйірмелерін ашуды талап етуде

 

 

Новости партнеров