Балаға медициналық көмек көрсетілді
Жасөспірім пойыз төбесіне шығып, электр тогына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.
"2025 жылдың 19 шілдесінде сағат 18:55-те Алматы-2 стансасындағы кезекші оқиғаны тіркеді. Кәмелетке толмаған (бала 15 жаста) вагон төбесіне өз еркімен шығып кеткен. Салдарынан электр тогы соғып, денесін күйік шалған", – делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК хабарламасында.
Оқиға орнына жедел медициналық көмек бригадасы келді. Бала тірі қалды, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ теміржолы қауіптілігі жоғары аймақ екенін ескертеді.
"Жолға шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамға жақын кез келген әрекет адам өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін", – дейді мамандар.
Оқи отырыңыз: Қойдың жүнін ауылдан алдым: Павлодарлық шебер балконында жүн кептіріп, матрас тігуде