Түлектерге кәсіптік бағдар: Медеу ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

29.05.2026 18:14

Алматыдағы 40-қа жуық үздік жұмыс берушісі өз вакансияларын ұсынды

Almaty.tv

Жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастарды қолдау. Медеу ауданы әкімдігінің бастамасымен Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv  

Пушкин аллеясына жиналған тұрғындарға қаланың 40-қа жуық үздік жұмыс берушісі өз вакансияларын ұсынды. Іс-шара барысында азаматтар жұмысқа орналасу мүмкіндігінен бөлек, қайта даярлау курстары туралы да толық мағлұмат алды. Әлеуметтік маңызы бар жоба аясында мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беріліп, сұранысқа ие мамандықтар түсіндірілді.

«Жұмыс орындары жәрмеңкесінің нақты мақсаты – ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту. Жұмыс іздеп келген азаматтар осы жерде кеңес алады, ыңғайлы жұмыс орындарымен танысады», – деді Медеу ауданы әкімі аппараты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Үшкемпіров.

«Абай атындағы ҚазҰПУ-ге түсем. Мақсатым – дене шынықтыру мұғалімі болу. 9-сыныптан осы мамандықтың таңжадым», – деді қатысушы Альтаир Болатбекұлы.

Оқи отырыңыз: Жаңа үйдің ескі жыры: тұрғындар неге наразы