«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды

gov.kz
gov.kz

Биыл байқаудың 12 аталымы бойынша 600-ден астам журналист өтінім берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылы алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өткізілетін «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды. Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық журналистердің, редакциялар мен шығармашылық ұжымдардың үздік жұмыстары байқаудың қорытынды кезеңіне өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарлағандай, байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Биыл байқаудың 12 аталымы бойынша 600-ден астам журналист өтінім берді. Телевизия, баспасөз, интернет және радио салаларындағы журналистік жұмыстар ұсынылды.

Заманауи медиатехнологиялар мен жаңа форматтарға ерекше назар аударылды. Алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» аталымы енгізілді.

Мерейтойлық ұлттық сыйлықтардың жеңімпаздары тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен анықталады.

Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиа саласының қайраткерлері мен сарапшылары енген.

Жеңімпаздардың есімдері 2026 жылғы 16 қазанда белгілі болады. Марапаттау рәсімі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Оқи отырыңыз: Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды