Үкімет Құрылтайда бірінші оқылымда үш жылдық бюджет жобасын ұсынды
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім тау-кен өндіру секторының қарқынынан асып түсті
Бірінші оқылымда «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлағандай, заң жобасы Бюджет кодексінің талаптарына және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленді,
Құрылтай отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың қарауына еліміздің 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын енгізді.
«Базалық нұсқаға сәйкес 2027–2029 жылдары жалпы ішкі өнімнің нақты орташа жылдық өсуі 5%-дан жоғары деңгейде болжануда. 2027 жылы – 5,3%, 2028 жылы – 5,5%, 2029 жылы – 5,4%. Номиналды жалпы ішкі өнім 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардағы өндірістің ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ Серік Жұманғарин өз баяндамасында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі өсу қарқыны бойынша тау-кен өндіру саласынан озып кететінін атап өтті.
«Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны тау-кен өнеркәсібінің өсімнен жоғары болады. Өңдеу өнеркәсібінің өсуіне металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін өндіру негізгі үлес қосады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Экономиканың өсу драйверлерінің бірі ауыл шаруашылығы болады. Оның жыл сайынғы орташа өсуі кемінде 5 %-ды құрайды. Құрылыста өсу қарқынының 2027 жылы 16%-дан 2029 жылы 17,3%-ға дейін артуы болжануда.
Вице-премьер бұған көліктік-логистикалық, энергетикалық және су инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі жобаларды жоспарлы жүзеге асыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік-инфрақұрылымды жаңғырту ықпал ететінін атап өтті.
Бұл ретте болжам бойынша инфляцияның біртіндеп төмендеуі қарастырылған. 2027 жылы ол 7,5–9,5%-дық дәлізде, ал 2028-2029 жылдары 6-8%-дық дәлізде болады деп күтілуде. Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде 2027-2029 жылдарға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамы қалыптастырылды.
Оқи отырыңыз: «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды