Түнгі рейд: Алматыда 130-дан астам ойын-сауық орны тексерілді

Іс-шараға жастар ұйымдары, қоғамдық кеңес өкілдері, комьюнити-орталықтар және полиция қызметкерлері жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда демалыс күндері жүргізілген түнгі рейд барысында 130-дан астам ойын-сауық орны тексеріліп, 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Түнгі клубтар, ойын залдары, барлар, кафе мен мейрамханалар бақылауға алынды. Тексеру кезінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі, алкоголь ішуі, темекі және өзге де зиянды қоспаларды қолдануы секілді деректер тіркелген. Іс-шараға жастар ұйымдары, қоғамдық кеңес өкілдері, комьюнити-орталықтар және полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

«Түнгі ойын-сауық мекемелерде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің баптарына сүйене отырып, әкімшілік жазаға тартылады», – деді Медеу ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторы Айгүл Нұрымбетова

 Тексеру барысында заң талаптарын елемеген бірқатар мекеме иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тәртіп сақшылары кейбір ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың жасын растайтын құжаттар сұралмағанын айтады. Ал түнгі уақытта сыртта жүрген жасөспірімдердің ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қала бойынша мұндай рейдтік шаралар маусымның соңына дейін жалғаспақ.

«Рейд кезінде екі қыз анықталды. Бірі – кәмелет жасына толған, екіншісі – толмаған. Үлкені ата-анасының шетелде екенін, жасөспірімге өзі қарайтынын айтқанымен, оны өзімен бірге мұндай орынға ертіп келуге құқығы барын дәлелдейтін ешқандай құжат ұсынбаған. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жасын тексермей, оларды түнгі мекемелерге кіргізген нысан иелерімен де тиісті жұмыстар жүргізілмек», – деді . қоғамдық кеңестің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Рустам Қайрыев.

Оқи отырыңыз: Есірткі қылмысы: Астанада ірі жасырын қойма анықталды

Новости партнеров