Тұрғын үй қатынастары туралы заңға қандай өзгерістер енді

Басқосуда жауапты министрлік өкілдері жаңа ережелердің жүзеге асу тетіктерін сала мамандарымен талқыға салды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен түзетулерді түсіндіруге бағытталған жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда жауапты министрлік өкілдері жаңа ережелердің жүзеге асу тетіктерін сала мамандарымен талқыға салды.

Айта кетейік, заңдағы өзгерістер биыл 15 қыркүйектен бастап күшіне енген.

«Министрліктен келген әріптестеріміз Алматы облысы, Жетісу облысы және Алматы қаласы бойынша сала қызметкерлеріне өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізеді», – деді Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілі Жандос Қайырханов.

«Ең бастысы – жай серіктестікті алып тастау. ПИК-тердің жұмысын реттейтін және көптеген әкімшілік, салық кодекстеріне түзетулер енгізілген болатын», – деді  «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілі Асқар Каменов.

Сондай-ақ аталған жиында саладағы кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру мен сертификаттау жүйесі талқыланды. Өйткені заңнамадағы басты талаптардың бірі – басқарушы компаниялардың құрамында біліктілігі ресми түрде расталған мамандардың болуы. Кездесуге қатысушылардың сөзінше, бұл өз кезегінде басқару сапасын арттыруға, тұрғындарға көрсетілетін қызмет деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Қазақстан бойынша жалғыз ұйым болып табыламыз. Біздің емтихандардан қалай өтуге болады, оған қандай талаптар қойылады, қандай мүмкіндіктер береді деген сияқты жалпы мәселелерді талқылап, жіктеп, түсіндіруге келіп отырмыз», – деді халықаралық сертификаттау орталығының басшысы Ержан Халбаев.

Оқи отырыңыз: Қала әкімі сирек кездесетін кітап қорымен танысты

Новости партнеров