Тұрғындар шағымданған нысандар: Алматы қалалық мәслихат депутаттары тексеріс жүргізуді бастады

Қажетсіз құрылыс материалдары мен қоқыстың уақытылы шығарылмауы азаматтарға кедергі келтірген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық мәслихат депутаттары шаһар тұрғындары шағымданған нысандарға тексеріс жүргізуді бастады, деп хабарлайды Almaty.tv

Байқадамов көшесінің бойында Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысымен инженерлік желілер жаңғыртылып жатыр. Бірақ тұрғындар жер қазу, монтаждау жұмыстары аяқталса да, асфальтты қалпына келтіру кешіктіріліп, жаяу жүргіншілер мен көлікке қолайсыздық туғызып жатқанын айтып шағымданған. Сондай-ақ қажетсіз құрылыс материалдары мен қоқыстың уақытылы шығарылмауы азаматтарға кедергі келтірген. Бүгін қалалық мәслихат депутаттары аталған нысанға барып, ондағы жұмысты көрді. Қадағалау органдары мердігер компанияның өкілдерімен тілдесіп, жұмысты жеделдетуді сұрады.

«Жолдағы жұмыстар жексенбіге дейін аяқталатынын айтты. Негізі келесімшарт бойынша 15 қазанда тапсыруы тиіс. Сондықтан медігерлерді тексердік, көрдік, жобаны қарадық. Ескі асфальтты басқа қажет жерге төсеуге болады. Әріптестермен бірге мәселені айтамыз», – деді қалалық мәслихат депутаты Салтанат Серік.

Айта кетейік, аталған нысанда жоба шеңберінде 1984 жылы салынған инженерлік желілер жаңартылды. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, шаруаны тездету үшін жұмыс екі ауысымда жүріп жатыр.

«Жылыту маусымына дайындық барысында биыл 39 километрлік желілер реконструкциядан өтті. Бүгінде барлық жұмыс аяқталды. Қыстық мерзімге дайынбыз», – деді Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары Мерей Оңғаров.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі тапсырмасы бойынша "Sholpan City" тұрғындарының басты мәселелері шешілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров