Түркістан қаласында спирттік ішімдіктерге тыйым салынуы мүмкін

Түркістан облысында 30-дан астам елдімекенде «ішімдіксіз ауыл» жобасы жарияланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан қаласында спирттік ішімдіктерге тыйым салынуы мүмкін. Бүгін мәжіліс қабырғасында аталған қаланы арақсыз шаһар ету мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бабалар жерленген өңірде ащы суға сылқия тойып алған азаматтар жүрмеуі керек деген депутат Ардақ Назаров бұған заң аясында шектеу керек екенін ұсынды. Мәжілісмен айтып отырған заң – Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді көздейтін құжат.

"Түркістанды білесіз рухани астана деп отырмыз. Бүкіл қазақ осы жерден рух алу керек. Ол жерде біздің бабабаларымыз, әулие, билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақтар келеді. Сол кезде біздің азаматтарымыз арақ ішіп, алдарынан шығатын болса ұят қой. Сондықтан осы заңның аясында арақсыз қала, рухани қала деп араққа тыйым салуға бола ма?"– деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров.

Түркістан облысында 30-дан астам елдімекенде "ішімдіксіз ауыл" жобасы жарияланған. Бірақ, қаланың өзі бұл бастамадан қалыс қалып отыр екен. Өңір басшысының орынбасары Бейсенбай Тәжібаев мұндай бастаманы белсенді азаматтар мен ақсақалдардың да ұсынып жатқанын айтады. Бірақ бір мәселе бар екенМ

"Облыс орталығы құрылғалы бері бізде инвестиция көлемі артты. Келетін туристер саны миллионнан аса бастады. Оның үстіне шетелдік турситер саны 20 мыңнан аса юастады. Ол бойынша қажетті инфрақұрылымдар салынды. Қонақ үйдер, бизнес центрлер. Бизнес қауымдастық бұл мәселеге келген кезде екіұдай күйде. Себебі соншама қонақтар, туристер келгеннен кейін сервистік қызметтер өздерінің талап деңгейлеріндегі қажеттіліктерді біз беруіміз керек", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.

Оқи отырыңыз: Жайлы мектеп: Алматыда келесі жылы 15 білім ошағының құрылысы аяқталады

Новости партнеров