Түркістан – қолөнершілер қаласы: шаһарда халықаралық фестиваль өтеді

24.07.2025 21:22

Мәдени-рухани орталықта, кіру тегін

Almaty.tv

Түркістан қаласында 21-23 тамыз күндері «Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Фестивалде қала тұрғындарын қолөнершілер көрмесі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, автофест, әуе шарлары және түнгі Fire Show күтеді.

Сондай-ақ жанды дауыстағы музыка, қолөнер мен ұлттық рух, заманауи шоу – бәрі осы фестивальден табылмақ.

Мәдени-рухани орталықта, кіру тегін.

Оқи отырыңыз: Қала келбеті: Алматыдағы экостансаларда күніне 100 келі қоқыс сұрыпталады