Олар істі ерлік емес, адамгершілік міндет деп қабылдағанын жеткізді
Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Ескелді ауданындағы өрт шыққан үйден 7 адамды құтқарған медицина мамандарын қабылдап, облыс әкімінің атынан марапат тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыс әкімдігіне арнайы қабылдауға Ескелді ауданының №6/6 жедел жәрдем бригадасының құрамында жұмыс істейтін фельдшерлер Ғабит Ерғаж пен Дамира Рахимова, жүргізуші Мұрат Сатеков келді.
Фельдшер Ғабит Ерғаж оқиғаның қалай болғанын қысқаша баяндап, бұл істі ерлік емес, адамгершілік міндет деп қабылдағандарын айтты:
Жетісулық дәрігерлер өрттен жеті адамды құтқарғанын еске салайық.