Түркістан облысында 20 түрлі өнім арзан бағамен саудаланды

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне көкөніс, ет, құс еті мен жеміс-жидек қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 түрлі өнім арзан бағамен саудаланды. Түркістан облысындағы аудандарда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Таңертең басталған жәрмеңке өңір тұрғындары көптеп келді. Сөрелерге көкөніс, ет, құс еті мен жеміс-жидек, бақша өнімдері қойылды. Қыстың қамына кіріскен жұртшылық арзан және сапалы азық-түлікті көтергенінше алып кетіп жатты.

"Тауықтың етін алдық, алма балалар жейді. Өнімдердің бағасы базардан арзан"– деді Арыс қаласының тұрғыны Мүтәліп Күздеубаев.

"Жәрмеңкеден қымыран, алма алдым. Базарға қарағанда бағасы арзан. Жақсы асқабақтары да бар", – деді Арыс қаласының тұрғыны Дүйсен Отаров.

Іс-шара аясында асыл тұқымды мал шаруашылығы мен техникалар көрмесі де ұйымдастырылды. Биыл Түркістан облысына 1600 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған.

"Инвесторлар келіп, су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып, мақта дақылын өндіруді қолға алып жатыр. Биыл "Түркістан-агро"  50 мың бас ірі қара малды бордақылау алаңының салып жатыр", – деді Арыс қаласы Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айдос Сазанов.   

Айта кетейік, биыл облыс шаруалары құны 230 млн доллар болатын 680 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сыртқа шығарған. Өңірде өндірілген 153 мың тонна еттің 14 мың тоннасы экспортқа жөнелтілген.

Нұркен Әкімхан, Түркістан облысы

Оқи отырыңыз: Еңбек адамы: жол құрылысы – нағыз ер азаматтарға арналған сала

Новости партнеров