Түркістан облысында ауыл халқы қайтарылған активтер есебінен таза суға қол жеткізді

Биыл кері облыста 25 елдімекеннің халқы таза сумен қамтылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Түркістан облысындағы Атажұрт ауылына ауызсу берілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Елдімекенде су мәселесі көптен бері өзекті болып келген еді. Тұрғындар бұрын тіршілік көзін сатып алып ішіп келсе, қыста тіпті қарды ерітіп пайдалануға мәжбүр болыпты. Енді мыңға тарта халқы бар ауыл орталықтандырылған жаңа ауызсу жүйесіне қосылып, тұрақты сумен қамтылды.

Айта кетсек, биыл кері қайтарылған активтер арқылы облыста 25 елдімекеннің халқы таза суға қол жеткізбек. Олардың қатарында Келес, Отырар, Ордабасы аудандары бар.  

«Қыста көбіне суды сатып алып ішетін едік. Кейде ол бір күн келсе, кейде келмей қалатын. Қарды ерітіп ішкен күндеріміз де болды. Үкіметімізге, аудан басшылығына рақмет, суды шығарып берді. Енді таза суды пайдалана бастадық», – дейді ауыл тұрғыны Талғат Рахматуллаұлы.

Оқи отырыңыз: Заңсыз ойын бизнесі: Ақтөбеде тоғыз адамға сот үкімі шықты

Новости партнеров