Ұлыма туған әкем қорлық көрсетті деген әйел полицияға арызданған
Түркістан облысында нағашы атасы немересін зорлады деген күдікке ілінді. Сұмдық оқиға Отырар ауданына қарасты Шәмші Қалдаяқов ауылында болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қазір мұндағы жұрт сорақы жағдайды естіп, жағаларын ұстап отыр. Ал ұлыма туған әкем қорлық көрсетті деген әйел полицияға арызданған. Десе де құзырлы органдар тексеріс кезінде заңсыз әрекеттер анықталмады деп отыр. Енді егде жастағы ер адамның екінші сыныпта оқитын балаға зорлық жасаған-жасамағаны тергеуден кейін белгілі болмақ. Ал зәбір көрген оқушы қазір арнайы орталыққа жатыр.¤
«Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алғашқы тергеуде заңсыз әрекеттер анықталмады. Баладан дене жарақаттары да табылған жоқ. Тергеу нәтижесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен процестік шешім қабылданады», – деді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Жер асты суы көтеріліп жатыр: Атырауда тұрғындардың баспанасы су астында қалды