Олар жолаушылар өміріне қауіп төндіру, қауіпсіздік белдігін тақпау және жол ережесін сақтамау сияқты бірнеше заң бұзған
Түркістан облысында мектеп бітірген жастар сән-салтанатпен көлік кортежін ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан бір топ түлек мінген қымбат көліктердің жол бойында қауіпті маневрлер жасап, қоғамдық тәртіпті елемегені көрінеді. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары мен жедел уәкілдердің көмегімен жүргізушілерді анықтады. Олар жолаушылар өміріне қауіп төндіру, қауіпсіздік белдігін тақпау және жол ережесін сақтамау сияқты бірнеше заңбұзушылық жасапты. Қазір ережені елемеген барлық жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көліктері арнайы айып тұрағына қойылды.
«Түркістан қалалық полициясының жедел әрекеттерінің нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу қамтамасыз етіліп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол берілген жоқ», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Әбдіжаппарова.
Оқи отырыңыз: Астанада автобус пойызбен соқтығысты