Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды

depositphotos
depositphotos

Хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының Асықата ауылында құтқарушылар аяғы комбайнның орақ аппаратына қатты қысылып қалған жасөспірімді босатты. Зардап шеккен бала жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға шаруа қожалығының аумағында болған. 2009 жылы туған жасөспірім комбайнды жөндеп жатқан кезде оның аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орақ аппаратына қысылып қалған.

Хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жеткен. Олар арнайы құралдың көмегімен жасөспірімнің қысылып қалған аяғын босатты.

«Жасөспірімнің аяғын орақ аппаратынан шығару жұмыстары арнайы құтқару құралын пайдалану арқылы жүргізілді. Зардап шеккен бала дәрігерлерге тапсырылды», – деп мәлімдеді ведомство.