Түркістан облысында зейнеткерді айуандықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

26.09.2025 14:49

Алайда күдікті түрмеге қамалмайды

Түркістан облысында зейнеткерді айуандықпен өлтірген өзбекстандық азаматына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жаға ұстатарлық жағдай мамыр айында болған еді. 39 жастағы ер адам қарияны балтамен ұрып, артынан бауыздаған. Онымен қоймай, марқұмның екі қолы мен жыныс мүшесін де кесіп алған.

Сарыағашта болған бұл сұмдық оқиға бүгінде толық дәлелденді. Алайда күдікті түрмеге қамалмайды. Өйткені ол алты жылдан бері шизофрениямен ауырып, дәрігерлердің есебінде тұрған екен. Оған мәжбүрлеп емдеу шарасы тағайындалды.

«Айыпталушы қоғамға қауіпті бұл іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасаған. Сондықтан ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Оған мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындалды», - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Таразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған