Түркістан облысындағы үйден шыққан өртте қылмыстық құрам жоқ - Қанат Бозымбаев

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Түркістан облысы Алғабас ауылындағы үйден шыққан өртте қылмыстық құрам жоқ». Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп, қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр екен. Қазіргі уақытта «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Премьер-министр Олжас Бектенов қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Олардың отбасыларына материалдық және медициналық көмек көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ ол алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін «жауаптылар нақты ұсыныстар әзірлеуі керек» деді.

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша  Үкіметтік комиссияның отырысын өткіздім. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру және қаза тапқандар және зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету, өрттің туындау себептерін анықтау, сондай-ақ осындай жағдайлардың алдын алу шараларын жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар бердім», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Оқи отырыңыз: Балаларға аспирин бермеңіз: ЖРВИ және тұмау белгілері байқалса, не істеу керек

Новости партнеров