Түркістан облысындағы жарылыс: бір адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр

​​​​​​Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысындағы жанар-жағармай бекетінде болған жарылысқа байланысты тергеу амалдары басталды. Бір адам зардап шеккен оқиғаға қатысты «Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазір қазығұрттық дәрігерлер 29 жастағы бензин таситын көлік жүргізушісінің өмірі үшін арпалысып жатыр.

Еске салайық, оқыс оқиға күні кеше Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылында болған. Жанармай тасымалдайтын көліктен стансаның цистерналарына бензин құю кезінде газ жарылып, арты жалынға айналған. Әп-сәтте лап берген өрт сол маңдағы жеке тұрғын үй мен сауда орындарын, дәріхананы шарпыған. Қызыл жалынның жалпы ауданы 855 шаршы метрді құрады.  

«Алдын ала қойылған диагноз – өрттен кейінгі 3-4-дәрежедегі күйік шалу. Күйік мөлшері – 85-95%. Науқастың жағдайы өте ауыр, травматикалық шок. Қазір дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін атсалысып жатыр. Облыстан комбустиолог дәрігерлер кеңесін беріп кетті. Науқас жансақтау бөлімінде үздіксіз емделіп жатыр», - деді Қазығұрт ауданы орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Дәулет Сағатұлы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда киберқылмыспен күрес күшейтілді – ІІМ

Новости партнеров