Нью-Мексикодағы су тасқыны: қаза тапқандар бар

Chris Gallagher/ unsplash.com/
Chris Gallagher/ unsplash.com/

Он шақты жолдың опырылуына байланысты жабылды, су тартылған соң тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сейсенбі күні Нью-Мексико штатында нөсер жаңбыр жауып, соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, үш адам қаза тауып, тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалған. Бірақ нақты саны әлі белгісіз.

Он шақты жолдың опырылуына байланысты жабылды, су тартылған соң тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Нью-Мексиконың ішкі қауіпсіздік және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Даниэль Силва Associated Press агенттігіне төтенше жағдайлар қызметі кем дегенде 85 құтқару жұмыстарын жүргізгенін айтты.

Руидосо тұрғыны Кейтлин Карпентердің әлеуметтік желіде жариялаған видеосында ағынды судың тұтас үйді ағызып әкеткенін көруге болады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы жарылыс: бір адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр

Новости партнеров