Түркістан облысының ауыр көлік жүргізушілері неге шу шығарды

16.06.2026 15:50

Сайрам ауданында жүк тасымалдаушылардың жұмысы тоқтап тұр

Жүк тасымалдаушылардың жұмысы тоқтап тұр. Түркістан облысының ауыр көлік жүргізушілері шу шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Олар жергілікті әкімдік облыстық маңызы бар жолға заңсыз белгі қойып, біздің қозғалысымызды шектеп отыр деп шағымданды. Мұны пайдаланған полиция сол таңбаны желеу етіп, ауыр техникаларға айыппұл салып жатқан көрінеді.

Сайрам ауданында жүк тасымалдаушылардың жұмысы тоқтап тұр. Себебі жергілікті әкімдік облыстық маңызы бар жолға ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салу белгісін қойып тастаған. Сондықтан 30-дан астам жүргізуші табыссыз қаламыз деп алаңдап отыр. 

«Заң талаптарына сәйкес жүріп жатырмыз, құжаттарымыз түгел. Қарамұрт, Қорғаншы, Ақсудан ауылынан жүріп жатырмыз, оларға ешкім үндемейді. Тек Ақбұлақтан кіргізбей жатыр. Адамдары жолға шығып алады, тас лақтырады, машинамен жолды кесіп, қысып тоқтатады», – деді Жүк көлік жүргізушісі Шахрух Шаинусов.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда қарақұрт қаптап барады: 8 адам ауруханаға түсті