Түркістанда туған әкесін қорлаған азаматтың әйелі де жауапқа тартылады

12.09.2025 14:57

Ол жолдасымен бірге марқұмды «ұрып-соққаны» үшін айыпталып отыр

Түркістанда туған әкесін қорлаған азаматтың әйелі де жауапқа тартылады, Almaty.tv.

Келіншектің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол жолдасымен бірге марқұмды «ұрып-соққаны» үшін айыпталып отыр. Ал басты күдікті жәбірленушіге «қасақана ауыр зиян келтіріп, мерт қылғаны үшін» деген баппен сот алдында жауап бермек.

 Еске салсақ, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде қарияны ұлы ұрып, сүйрегені мәлім болып, салдарынан егде қарт қайтыс болғаны анықталған.

«Жәбірленуші тараптан немесе өзгелерден полицияға ешқандай шағым түспеді. Тергеу жалғасып, оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Тергеу барысында барлық қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқи отырыңыз: Мешіт қызметкері емес: Түркістан облысының бас имамы әкесін өлтірген күдіктіге қатысты мәлімдеме жасады