Түркістанда тұңғыш рет инклюзивті бағыттағы «Дара ұрпақ» театры ашылды

Түркістан облысы әкімдігініңбаспасөз қазметі
Түркістан облысы әкімдігініңбаспасөз қазметі

Театрдың  ашылу салтанатында  ерекше жандардың қатысуымен  «Жарық» мюзиклінің  премьерасы сахналанды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістанда тұңғыш рет инклюзивті бағыттағы «Дара ұрпақ» театры ашылды. Театрдың  ашылу салтанатында  ерекше жандардың қатысуымен  «Жарық» мюзиклінің  премьерасы сахналанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мюзикл  LED экраннан қатысушыларды  таныстыратын бейнероликпен басталып,  Әлидің әсерлі сахналық көрінісімен жалғасты. Қоларбадағы бишілердің топтық биі мен «Ерекше балалардың» нөмірі көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар бейнеролик арқылы балалардың сурет байқауындағы ең үздік шығармалары көрермен назарына ұсынылды. Сахна төрінде  ДЦП, Даун синдромы, аутизм, РАС, ЗПР диагнозы бар, көру және есту қабілеті шектеулі 70 талантты бала өнер көрсетті. Бұл қойылым – әр жүректегі үміт отын үлкен алауға айналдырады. Қайсар балаларды облыстың театр әртістері мен жас өнерпаздары да қолдап, бірге өнер көрсетті.

Қойылым соңында барлық қатысушылар «Өмір сүр» әнін орындап, сахнаны жарықпен көмкерді.

Айта кетейік, өңірде мүмкіндігі шектеулі  15 мыңнан аса бала бар. Облыста балаларға арналған 5 оңалту және 6 «Қамқорлық» орталықтарында 15 мыңнан астам балаға қызмет көрсетілді. Түркістанда балалардың денсаулығын нығайтуға барлық жағдай жасалған заманауи оңалту орталығы ашылды. Сонымен қатар ерекше балалар мен жастарға арналған «Сауран» спорт клубы жұмыс атқаруда. Республикалық және халықаралық жарыстарда спортшылар жүлделі орындар алып жүр.

 

Новости партнеров