Түркістан облысындағы трагедия: ТЖМ өрттің ықтимал себебін атады

19.11.2025 20:49

Барлық қызметтің мамандары жұмысын жалғастырып жатыр

Almaty.tv

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында 12 адамның өмірін қиған өрттен кейін тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрттің нақты себебі қазіргі уақытта анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына ақауы бар электрлік ұзартқыш себеп болуы мүмкін. Барлық қызметтің мамандары жұмысын жалғастырып жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында ауыл балалары ескі үйде білім алуға мәжбүр