Әуезов ауданында еңбек қатынастарын заңдастыру мәселесі талқыланды

Жиынға шартты дұрыс орындамаған 50-ге жуық кәсіпкер шақырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 13 мыңнан аса кәсіпорын еңбек шартын электронды жүйеге тіркемеген. Бұл туралы Еңбек инспекциясы комитетінің мамандары Әуезов ауданында ұйымдастырылған кеңейтілген отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Басқосуда бюджеттің кіріс бөлігін арттыру және еңбек қатынастарын заңдастыру мәселелері талқыланды. Жиынға шартты дұрыс орындамаған 50-ге жуық кәсіпкер шақырылды. Отырыста еңбек қатынастарын заңдастыру, жалақыны «конвертпен» төлеуге жол бермеу, еңбек және салық заңнамасының сақталуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар Әуезов ауданында 15  мыңнан аса белсенді кәсіпорын тіркелгенін атап өтті. Оның 47-сі ірі, 125-і орта және 15 мың 257-сі шағын кәсіпкерлік субьектілер. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек» ақпараттық жүйесі мен салықтық есептілік деректерін салыстыру нәтижелерін айтты. Талдау қорытындысы бойынша еңбек шарттары тіркелгенімен, салықтық есептілікте еңбекақы төлемдері көрсетілмеген немесе нөлдік көрсеткіштер ұсынылған 1 608 салық төлеуші анықталған.

«Әр аудандардың комиссиясымен жұмысты біркелкі атқару барысында бүгінде 736 кәсіпорын келісімшарты ретке келтірілді. Жұмыскер келісімшартқа отырмай жұмысқа алған кезде, Еңбек кодексіне сәйкес оған жауапкершіліктер қарастырылған. Сол себептен келісімшарттардың бәрі жұмыс беруші мен жұмыскердің алдында міндетті түрде еңбек шарты болуы керек. Ол электронды түрде тіркелуі керек», – деді Еңбек инспекциясы комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қасымбек Сайлауов.

«Жалақыны ауызша келіседі және официалды түрде ол басқаша беріледі. Сол себепті кәсіпкерлерді бәрін заңдастыруға шақырамыз. Бұл Үкіметке де тиімді пайдалы іс-шараларды арттыруға мүмкіндік береді», – деді  Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Бек Қалиақбар.

Оқи отырыңыз: Ашық есік күні: Қазақстанның барлық өңірінде онколог мамандар тегін кеңес береді

Новости партнеров