Ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды
Биыл қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бірлескен әрекеттердің нәтижесінде 8 кг синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: 26 ақпанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр