Үкімет басшысы мүгедек жандарды еңбекпен қамту ісін жергілікті әкімдерге міндеттеді

06.11.2024 16:45

Зағиптарды жұмыспен қамту деңгейі аймақтарда 50 пайызға жетпеген

Мүгедек жандарды еңбекпен қамту ісіне жергілікті жердегі әкімдер де міндеттеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет басшысы сала министрі мен өңір басшыларына бұл бағытта бірқатар тапсырма берді. Олжас Бектеновтың сөзінше, елде еңбекке жарамды мүгедектігі бар жандардың тек 39 пайызы ғана екі қолға бір күрек таба алады. Зағиптарды жұмыспен қамту деңгейі аймақтарда 50 пайызға жетпеген. Арнайы бос жұмыс орындары бар электрондық еңбек биржасы құрылған. «Мемлекеттен оларға қосымша субсидия бөлінген. Премьер-министрдің айтуынша, шаруа нәтиже бермей келеді.

"Биыл 16 мыңнан астам мүгедектігі бар адамнан арыз түскен. Олардың негізгі бөлімі сараптама жүргізуге, қайта куәландыруға, оңалтуға және жұмысқа орналасуға байланысты. Сондықтан барлық әлеуметтік қызмет жұмысын жандандырып, проблеманы тікелей қарауы керек", – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Сынып жетекшілік үшін қосымша ақы өсе ме