Үкімет жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу жөнінде ұсыныстар дайындамақ
Аlmaty.tv
Сондай-ақ теміржол саласындағы жобалардың мерзімін қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Президент Ұлттық құрылтай барысында авиация саласын дамытуға және отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ теміржол саласында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
"Президент көлік саласын дамытуға ерекше тоқталып өтті. Көлік министрлігіне “Самұрық-Қазына” қорымен бірге бір апта мерзімде жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу және ұлттық карго-тасымалдаушының алдағы қызметі жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Көлік және Энергетика министрліктері, “Қазмұнайгаз” компаниясы, мүдделі мемлекеттік органдар авиаотын бағасының, сондай-ақ отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырсын. Теміржол саласында биыл “Қызылжар – Мойынты”, “Дарбаза – Мақтаарал”, “Алтынкөл – Жетіген” және “Жезқазған – Сексеуіл” жобаларын аяқтау қажет", — деп атап өтті Премьер-министр.
Оқи отырыңыз: Салық кодексі бойынша жұртшылықтан түсетін ұсыныстарға мұқият талдау жүргізіледі
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37