Ұлт руханиятының абыз ақсақалы еді – Аида Балаева Асанәлі Әшімовтің қазасы туралы

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Вице-премьер Аида Балаева әйгілі актердің қазасына көңіл айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ киносының аңызына, ұлт абызына айналған Асанәлі Әшімовтің қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Ұлт руханиятының абыз ақсақалы, қазақ мәдениетінің алып тұлғасы Асанәлі Әшімов ағамыз келместің кемесіне мініп, бақиға аттанды. Барша алаш жұртына, ағамыздың әулеті мен ағайын-бауырларына, шәкірттеріне қайғыра көңіл айтамын. Көзі тірісінде-ақ аңызға айналған Асанәлі ағамызбен бірге тұтас бір дәуір өткендей. Ерек талантымен, кәсіби шеберлігімен қазақ өнерін бір биікке көтеріп, қалың қазақтың қадірлісіне айналды. Көпжылдық еселі еңбегі үшін Президентіміздің қолдауымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды», - деді Аида Балаева.

Сонымен қатар ол әйгілі актердің ешкімге ұқсамайтын ерекше тұға болғанын атап өтті. 

«Мен де ағамызбен етене жақын араласып, сыйлас-сырлас болдым. Әкемнің көзін көріп, дәмдес болғанын жиі айтып отыратын. Айналасына қамқор, кісілігі мен кішілігін сақтаған, жүрегі кең жан еді. Бар ғұмырын қазақ театры мен кино өнерінің өсіп-өркендеуіне арнап, соңында соны соқпақ, өшпес із қалдырды. Көптеген талантты жасқа қолдау көрсетіп, үлгі-өнеге болды. Асылдардың көзіндей, алыптардың сөзіндей болған өнер қайраткерінің жарқын бейнесі мәңгі жадымызда сақталары сөзсіз. Ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Рухы пейіште шалқысын»! – деді вице-премьер.

Оқи отырыңыз: Қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімов дүние салды

Новости партнеров