Ұлттық құндылықтар: бала тәрбиесіндегі жасанды жадының рөлі қандай

Семинарда нейрожелі арқылы арнайы тренинг өткізіп, ерекше ойын түрлерін қолданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баланың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруде жасанды жадының рөлі қандай? Нейрожелі арқылы арнайы тренинг өткізіп, ерекше ойын түрлерін қолдануды мақсат еткен семинар Алматының Бостандық ауданына қарасты № 90 балабақшада өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде инновациялық тәсілдердің маңызы талқыланды. Тәрбиеші-педагогтар іс-шарадан жаңа идеялар мен кәсіби шабыт алып тарқасты. Бұдан бөлек, «Әкелер мектебі» жобасы таныстырылып, оның бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігі де сөз болды.

«Биыл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект жылы деп жариялағандықтан, балабақша тәрбиесінде жасанды интеллекті пайдалану арқылы ұлттық құндылықтарды дамыту мақсатында педагогтарымыз үлесін қосып жатыр.  Бұл балалардың тілін дамытуға және жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді», – деді № 90 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гүлімжан Жайлаубаева.

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданында бөбекжай қашан ашылады

Новости партнеров