Ұлттық тауарлар каталогы қашан қолданысқа енеді

Жүйе көлеңкелі саудаға, сапасыз өнім шығаратындарға тосқауыл болып, әділ бәсеке орнатуға мүмкіндік бермек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келер жылдан бастап елімізде тауарлардың ұлттық каталогын қолдану міндетті болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтің айтуынша, қазір каталог пилоттық режимде жұмыс істеп трұ. Сөзінше, код берілгеннен кейін тауардың зауыттан қашан шыққанын, қайда жіберілгеніне дейін көруге болады. Бұл жүйе көлеңкелі саудаға, сапасыз өнім шығаратындарға тосқауыл болып, әділ бәсеке орнатуға мүмкіндік бермек.

Айта кетейін, тауарлардың ұлттық каталогына тауар өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға қатысушылар тіркеліп, тауарларын енгізе алады.

«Жобаға ірі сауда дүкендері қосылды. Жүйеге 100 мыңнан астам тауар атауы қосымша кірді. Енді чектегі барлық тауарларды NTIN арнайы коды көрсетіледі. NTIN – National Trade Item Number бұл халықаралық GTIN кодныа ұқсас. Ол 13 таңбалы тауар коды», – деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов.

Тауарлардың ұлттық каталогы фискалдық деректер операторларымен интеграциялық байланыс орнатқан. Қазір базада 15 миллион тауар бар. Күн сайын операторлардан 10 миллион чек туралы мәліметтер түсіп отыр. Жүйе мен бизнес арасындағы деректер алмасуды автоматтандыру үшін 11 түрлі электронды қызмет іске қосылған. Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, бұл тауар айналымының ашықтығын, сапа мен жарамдылық мерзімін бақылауды және заңсыз тауарлармен күресуді қамтамасыз етеді.

 «Тауарларды бақылаудың үш деңгейлі моделі іске қосылады. Жоғарғы деңгей – бұл санаттар сақталатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы жіктеуіші. Орташа деңгей – бұл кеңсе тауарларына кіретін заттар. Мәселен, қаламды алсақ. Оған бірегей NTIN коды беріледі және сәйкесінше картада оны өндіруші туралы барлық ақпарат болады. Ал төменгі деңгей – бұл нақты бір тауарлар бойынша жекелеген партияларды таңбалау», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында 210 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылды

Новости партнеров