Ұлытау облысында тұрғындарды алдап жүрген алаяқ ұсталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ол өзгелерге жұмысқа тұрғызу туралы уәде беріп, ақша алып келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытау облысының прокуратурасы алаяқтық фактісін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Бас прпокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы "Абайлаңыз алаяқтар!" жол картасын жүзеге асырып жатыр.

Жол картасының негізгі мақсатының бірі - облыста "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС мекемелеріне жұмысқа орналастырумен байланысты алаяқтық фактілерін анықтау.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында "Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу" және "Қазақмыс" корпорциясына жұмысқа орналастыру үшін сыйақы алатын алаяқтардан абай болу» тақырыбында жұмысшыларға (3500-ден астам адамға) кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

"Прокуратура осы жұмысты жүзеге асыру барысында "ақшалай сыйақыға Корпорацияға жұмысқа тұрғызамын" деп алдап жүрген тұлға туралы ақпаратты анықтады", - делінген хабарламада.

Дереу жедел іздестіру шараларымен алаяқтық жасаған облыс тұрғыны А. Дәуренбек анықталды.

23. 12. 2024 жылы сот А. Дәуренбекті алаяқтық қылмысына кінәлі деп таныды, үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Павлодарда картопты қымбат бағаға сатып келген 8 дүкеннің иесі жазаланды

Новости партнеров