Үркер: Алматыда болашақ көшбасшыларды даярлайтын орталық ашылады

Орталықта оқушылар халықаралық талаптарға сай білім алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда болашақ көшбасшыларды даярлайтын «Үркер» орталығы ашылады. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз конференциясында Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, заманауи үлгідегі білім ордасы дарынды оқушылардың ғылым, өнер, технология және кәсіпкерлік салаларында қабілетін дамытуға сеп болады. Сол арқылы еліміздің интеллектуалдық, мәдени және инновациялық өркендеуіне үлес қосатын жаңа көшбасшылар буыны қалыптасады. Орталықта оқушылар халықаралық талаптарға сай білім алады.

«Орталық еліміздегі дарынды балаларға арналған білім беру жүйесі дамуының жаңа кезеңі. Мұнда оқушылар халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа білім беру бағдарламалары арқылы ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілетін ашып, білімін шыңдауға мүмкіндік алады. Қысқаша айтқанда жастар үшін қазақстандық «силикондық алқап» деп айтуға болады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Оқу-ағарту министрлігі дарынды балалар мен педагогтерді қолдауға арналған ұлттық цифрлық платформаны іске қосты. SMART Daryn жүйесі – заманауи технологиялар мен білім саласының үздік тәжірибелерін біріктіретін бірыңғай ақпараттық орта. Бағдарламада олимпиадалар мен конкурстарды тіркеуден бастап қорытынды нәтижелеріне дейінгі барлық процесс автоматтандырылған. Сонымен қатар платформа арқылы тәжірибелі тренерлерден кеңес алуға, интеллектуалдық жарыстарға дайындалуға болады.

 «Жаңа жоба оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға, педагогтердің кәсіби біліктерін арттыруға, сондай-ақ білім беру процесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге арналған маңазды қадам болып саналады. Платформаның басты ерекшелігі прокторинг жүйесін пайдалана отырып олимпиадалар мне конкурстарды онлайн форматты ұйымдастыру. Бұл әдіс зияткерлік сайыстардың әділ және ашық өтуін қамтамасыз етеді», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-ның сапасы мен мазмұны айтарлықтай өзгереді

Новости партнеров