Ұрып-соққан: Шымкентте әйелдердің тыныштығын бұзған екі сталкер ұсталды

Олардың екеуі де жәбірленушілермен бұрыннан таныс болған екен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте әйелдердің тыныштығын бұзған екі сталкер ұсталды, деп хабарлайды  Almaty.tv. 

Олардың екеуі де жәбірленушілермен бұрыннан таныс болған екен. Күдіктілердің бірі қарым-қатынастың аяқталғанын қабылдай алмай, келіншекке түрлі нөмірден қоңырау шалып, қыр соңынан қалмаған. Онымен қоймай, үйіне және жұмыс орнына барып алатын болған. Ал екінші ер адам ашуға булығып, ұрып-соғуға дейін барыпты. Зардап шеккен әйел полицияға жүгінген.

«Күдіктілер жедел түрде ұсталып қамауға алынды. Қылмыстық істер сотқа жолданды. Полиция мұндай құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде жауапкершілікке тартылатынын ескертеді», – деді қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Еркебұлан Ережепов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 250-ге жуық рұқсатсыз қоқыс алаңы анықталды

Новости партнеров