Үржардағы қайғылы жағдай: Астанаға жеткізілген екі бала ауруханадан шықты

Балалар амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысы Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында жол апатынан зардап шегіп, шұғыл Астанаға жеткізілген екі бала ауруханадан шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарты ай бойы білікті мамандардың бақылауында болған олардың қазір жағдайы жақсы. Бастапқыда екеуінің де хәлі өте ауыр болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, операция жасалған. Бүгінде балалар амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді.

Еске сала кетейін, 19 тамызда Абай облысы Бестерек ауылында жеңіл көлік үй маңында ойнап жүрген 6 баланы қағып кеткен. Салдарынан 2 мен 7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Екеуі оқиға орнында, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған. Басқалары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Бір балаға жедел түрде екі операция жасалды. Ал 6 жастағы ұл мен 9 жастағы қыз 20 тамызда шұғыл Астанаға жеткізілген.

 «Аурухана директоры, орынбасары және бөлім меңгерушілерінің қатысуымен болған консилиум нәтижесі бойынша балаларды ауруханадан шығаруға болады деген тұжырым жасалынды. Балаларға барлық тағайындама беріліп, ауруханадан шығарылды», – деді № 2 көпбейінді балалар ауруханасы медициналық бөлім жөніндегі директорының орынбасары Динат Көжекенов.

Оқи отырыңыз: Үржарда зардап шеккен балалардың жағдайы ауыр болғандықтан ота әлі жасалмады - Ақмарал Әлназарова

Новости партнеров