Үш жасар қыздың жұмбақ өлімі: Алматы облысының полициясы күдіктілерді атады

instagram.com/baurzhan__alenov
instagram.com/baurzhan__alenov

Наурызда жоғалған баланың сүйек қалдықтары шілдеде табылған болатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

17 наурызда үш жасар Айя-София Алматы облысының Күш ауылында жоғалып кеткен болатын. Қызды бірнеше ай іздегенімен, еш нәтиже болмаған еді. Шілденің соңында полицейлер жоғалған балаға тиесілі болуы мүмкін сүйек қалдықтарын тапты. Алматы облысының Полиция департаменті қызды өлтірді деген күдікпен кім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шілде айында адам сүйектері табылған кезде полицейлер қылмысқа күдіктілердің ұсталғанын айтты, бірақ олардың кімдер екенін жария етпеген болатын. Қазір баланың анасы мен онымен бірге тұратын адамның ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынғаны белгілі болды.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша істің мән-жайларын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық істің тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады», - делінген ПД жауабында.

Еске салайық, 17 наурызда Айя-София Алматы облысының Күш ауылында жоғалып кеткен болатын. Полицияға жүгінген анасының айтуынша, қыз үйден шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде әткеншектен құлап мерт болған жеткіншектің анасы құлатқан баланы табуды талап етеді

Новости партнеров