Непалда толассыз жауын салдарынан 112 адам қаза тапты

The Kathmandu Post
The Kathmandu Post

Сондай-ақ 70 адам із-түзсіз жоғалып кетті

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Непалда соңғы жарты ғасырдағы ең алапат жауын саналған табиғи апат салдарынан 112 адам қаза тапты. Сондай-ақ 70-ке жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Hindustan Times газеті хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, Непал астанасы Катмандуда соңғы 24 сағат ішінде 1970 жылдан бергі ең көп мөлшерде жауған жауын-шашын тіркелді. Соның салдарынан төмен орналасқан аудандарды су тасқыны басып қалған. Гималай штатының метеорологиялық орталығының мәліметінше, ел астанасында орташа есеппен 240 мм жауын-шашын түссе, кей аймақта 322 мм жауын-шашын жауған.

Полиция өкілі Дан Бахадур Карки құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар санының артуы мүмкін екенін айтты.

29 қыркүйектегі таңертеңгі жағдай бойынша құтқару топтары 3,3 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерлерге жеткізді. Құтқару жұмыстарына тікұшақтар мен моторлы қайықтар тартылды, - делінген хабарламада.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Непалдағы су тасқыны мен лай көшкіні қаупінің артуының басты себептерінің бірі – климаттың өзгеруі.

Оқи отырыңыз: Үш жасар қыздың жұмбақ өлімі: Алматы облысының полициясы күдіктілерді атады

Новости партнеров