Ұшақ апаты: Ақтауда ел азаматтары қан тапсыру орталығына жиналды

Маңғыстау облыстық қан орталығына 250-ден аса азамат барған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтаудағы апатқа қайғыра көңіл айтқан ел азаматтары жаппай қан тапсыру орталығына жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Азаматтық борыш, адамдық көмегімді атқаруға келдім" деген жанашыр жандар осылайша жолаушылардың өміріне араша болуға ниет білдірген. Зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін Маңғыстау облыстық қан орталығына 250-ден аса азамат барған.

"Біз «қосымша қан керек» деп сұраныс жасаған жоқпыз. Адамдар көмек қолын созып, келіп жатқан соғ,  жұмыс уақытын ұзарттық. Тапшылық жоқ. Керек болып жатса, барлық мекемені қамтамасыз етеміз", – деді  «Маңғыстау облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК директоры Рафаэль Сарсамалиев.

Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: Маңғыстауда науқастың біреуіне ота жасалды

 

 

Новости партнеров