Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың 38 жоалушысы, оның ішінде 6 қазақстандық қаза тапты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Еске салайық, еше 25 желтоқсанда сағат 11.30-да Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының әуе кемесі Ақтау әуежайынан 3 км жерде апатқа ұшырады.  

Сағат 11.35-те келген құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті, ал сағат 12.05-те өрт толығымен сөндірілді. Апат болған жердің жалпы ауданы 4 200 шаршы метрді құрады.

Ұшақтың бортында 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29 адам жеткізілді, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған құтқарылды. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген 7 науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты.

Қаза тапқандардың 38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 10 адамның денесі анықталды. Апатқа ұшыраған ұшақта болған қазақстандықтар тірі қалмағаны белгілі болды. Кейіннен қаза болған қазақстандық азаматтардың отбасына қаржылай көмек көрсетілетіні белгілі болды.

ТЖМ Ақтау маңындағы ұшақ апаты болған жерден видео жариялады.

Оқиға салдарын жоюға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінен, Ұлттық ұланнан, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтінен, Апаттар медицинасы орталығынан, жедел медициналық көмек бригадасынан және жергілікті атқарушы органдардан 492 адам, 102 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есептоп, оның ішінде Астана қаласынан барған санитарлық борт жұмылдырылды. Ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға Қанат Бозымбаев барды.

Қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды

Сондай-ақ Әзербайжаннан Ақтау қаласына келген делегация ауруханада жатқан отандастарын еліне алып кетті. Сонымен қатар маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды. Ал ұшақта болған Қырғызстан азаматтары тірі екені айтылды

Айта кетерлігі, ұшақ апаты кезінде алғашқы болып қосалқы стансасының мамандары көмек көрсеткен.

Алматылық жастар ұшақ апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырып, тұрғындар марқұмдардың рухына тағзым етті.

Оқи отырыңыз: Ақтаудағы ұшақ апаты: зардап шеккен отбасына қанша теңге төленеді

Новости партнеров