Үшінші АЭС-ті де Қытай салатын болды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қазіргі кезде мамандар АЭС орналасатын аумақты қарап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы үшінші АЭС-ті де Қытай салатынын мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

— Үшінші АЭС-ті Қытай салады. Қазір біздегі Атом энергетикасы жөніндегі агенттік пен «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мамандары орналасатын аумағын қарап жатыр. Міндетті түрде ол станцияның жанында сумен қамтитындай жағдай болу керек. Ол станциядан қай өңірлер энергия алатынын да айқындаған жөн, — деді Роман Скляр.

Сондай-ақ ол журналистің нақтылау сұрағына жауап бере отырып, үшінші стансаны да екінші АЭС-ті салатын Қытай компаниясы (CNNC компаниясы — ред.) салатынын растады.

Оқи отырыңыз: Доллар бағамы бәсеңдейді: Роман Скляр пікірін білдірді

Новости партнеров