Ұстаздар мен тәлімгерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ақорда
Ақорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мейрамгүл Кенжехановаға, Алматы қаласындағы №134 лицей мұғалімі Ирина Нестеренкоға – «Құрмет» ордені, «Edlight Academy» әдіскері Жанболат Жолгелдиевке, Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Қарлығаш Жолдыбаеваға, «Haileybury Almaty» мектебінің мұғалімі Владимир Жукке берілді.

Сонымен қатар Өскемен қаласы Білім-инновация лицейінің мұғалімі Айгүл Сейітдәулетке – «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қызылорда қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Батыр Жарқынға, Талдықорған қаласындағы №24 лицей мұғалімі Меруерт Абаеваға, Павлодар қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Олжас Әмзеевке, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышевке «Шапағат» медалі берілді.

Оқи отырыңыз: Барша дарынды жастарға әрдайым қолдау көрсетіледі - Мемлекет басшысы