Құрылтай сайлауы: «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы қортынды жасады

Almaty.tv
Almaty.tv

Саяси науқан кезінде ұйымның мыңнан астам өкілі еліміздің 11 қаласындағы дауыс беру барысын қадағалаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының белсенді азаматтары құрған «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауына қатысты қортынды жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Саяси науқан кезінде ұйымның мыңнан астам өкілі еліміздің 11 қаласындағы дауыс беру барысын қадағалап, азаматтардың еркін таңдау жасау құқығының сақталуына назар аударған. Топ өкілдерінің мәліметінше, олар бақылау жүргізген учаскелерде сайлау нәтижесіне ықпал ететін өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеген. Осыған сүйенген тәуелсіз байқаушылар саяси науқан әділ әрі ашық өтті деген баға беріп отыр.

Дегенмен дауыс беру барысында жекелеген ұсақ тәртіп бұзушылықтар кездескен. Бұдан бөлек «Халық үні» алдағы саяси науқандарда байқаушылардың жұмысын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс әзірлеген.

«Екі адамның бірге кабинкаға кіруге тырысуы, кейде жеке куәлігін үйінде тастап кетуі сынды заң бұзылды. Сонымен қатар жеке куәлігінің болмауына қарамастан сайлау учаскесіндегі азаматтармен сөзге келуі және ретсіз, негізсіз кезектерді ұйымдастыруға байланысты қателіктер орын алды. Менің ойымша, мұндай қателіктер, заңбұзушылықтар бүкіл әлемде кездеседі. Аталған кемшіліктеді жинақтап, арнайы ресми орындарға ұсыныс ретінде даярлап жатырмыз», – деді саясаттанушы Нұрболат Нышанбай.

Оқи отырыңыз: ШЫҰ елдерінің миссиясы Қазақстандағы Құрылтай сайлауы ашық өтті деп мәлімдеді