Ақтауда музыка дауысын қатты шығарып тыңдаған тұрғын жауапқа тартылды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Аталған дерек бойынша полиция департаментінің ресми сайтына жергілікті тұрғыннан алғыс хат келіп түсті.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда полиция қызметкерлері түнгі уақытта тыныштықты бұзу жағдайын тоқтатты, — деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2 мамыр күні сағат 02:23-те «102» арнасына 11-шағынаудандағы №38 үйдің тұрғындарынан пәтерлердің бірінде қатты музыка қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері — Әліби Есенаманов пен Аян Аязбай жедел жетті.

Пәтер иесі есікті ашпағандықтан, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары шақыртылды. Осыдан кейін полицейлер екінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы құқық бұзушыдан есікті ашуды талап етті. Тексеру нәтижесінде 40 жастағы пәтер иесі тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Айта кетейік, бұл оқиғаға байланысты полиция департаментінің ресми сайтына жергілікті тұрғыннан алғыс келіп түсті. Өз үндеуінде ол патрульдік полиция қызметкерлеріне жеделдігі, кәсібилігі және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары үшін ризашылығын білдірді.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жалған тергеуші кәсіпкерді ондаған миллион теңгеге алдап кетті

Новости партнеров