Өткен үш жылда Президент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілді
27 маусымда Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай медиа саласының мамандарына баспана кілті салтанатты түрде тапсырылды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
"Өздеріңіз білесіздер, Президент отандық журналистиканың дамуына ұдайы көңіл бөледі. БАҚ қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел мен ұлт мүддесі үшін қызмет етіп жүрген журналистердің еңбегіне ерекше тоқталып өтіп: «Сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады», – деп айтқан еді. Осы тапсырмаға сәйкес, биыл алматылық әріптестеріміз де жоба игілігін көріп жатыр. Алматы – қазақ баспасөзінің қарашаңырағы. Көптеген дәстүрлі ақпарат құралдарының тарихы осы шаһардан бастау алады. Мемлекет басшысы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін әрқашан назарда ұстап отырады", – деді Айбек Смадияров.
Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын «Dara» Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді.
Оқи отырыңыз: Алматыда робототехника мен инновациялық технологиялар бойынша халықаралық чемпионаты өтеді