Вьетнамнан 2,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікті Қазақстанға жеткізілді

Сот үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, мүліктері тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік сатып алу ісін заңсыз жүргізіп, 2,5 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған күдікті Вьетнамнан елге жеткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл қаржы сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бөлінген.  Алайда орталық директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің, сондай-ақ жабдықтарды сатушы компанияның басшысымен өзара сөз байласып, тауардың құнын үш есеге дейін негізсіз көтеріп, жалған коммерциялық ұсыныстарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған. Сот үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, мүліктері тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

2025 жылғы наурызда ұйымдастырушы халықаралық іздеу жарияланып, сот санкциясымен оған қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Биылғы жылдың басында ол Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің, Интерполдың Ұлттық орталық бюросының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде күдікті ұсталып, Қазақстан Республикасына жеткізілді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан

Оқи отырыңыз: Сақ болыңыз: алаяқтар қай купюраны қолдан жасайды